№8 Думан балабақшасының «Бота» ересектер тобының тәрбиешісі Жұмағұлова  Асия Каленовқызы 2019 жылдың 20 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік педагог» республикалық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды. Байқаудың 3 кезеңінен де үздік нәтиже көрсетіп, Бас жүлдеге (696 000 теңге сертификат) ие болды. Асия Каленқызын жеңісімен құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.   

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07